26.02.2026
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы беделді турнирде Еуропа чемпионын жеңді
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Тирана қаласында (25 ақпан – 1 наурыз) өтіп жатқан Мұхамет Мало мемориалы халықаралық турниріндегі өнерін бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
97 келідегі отандасымыздың алғашқы қарсыласы 23 жастағы грузиялық балуан Андро Маргишвили болды. Іріктеу кезеңіндегі белдесу Қазақстан құрамасының көшбасшысының пайдасына 8:5 есебімен аяқталды.
Енді Айтмұхан ширек финалға шығу үшін, 22 жастағы үндістандық Викимен күш сынасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов