Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық қос балуан Албаниядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Қазақстандық қос балуан Албаниядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста Ұлттық құраманың 2 палуаны ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында Зейнеп Баянова (50 келі) іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Отандасымыз ертең финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен шеберлік байқасады.

Ал Лаура Алмағанбетова (55 келі) алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады. 

Сондай-ақ ертең кешке еркін күрестен Камиль Куруглиев (92 келі) пен Ризабек Айтмұхан (97 келі) қола медаль үшін бақ сынайды.

Ал Болат Сақаев (86 келі) Албаниядағы турнирде қола жүлдегер атанды.

Жарыс 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан бұл додада күрестің барлық түрінен сынға түседі.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»