27.02.2026
Қазақстандық балуандар Албанияда екі алтын жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Албаниядағы беделді турнирде екі алтын жеңіп алды.
Тирана қаласында өтіп жатқан «Мухамет Мало» рейтингілік турнирінде қазақстандық спортшылар Зейнеп Баянова мен Лаура Альмаганбетова чемпион атанды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Баянова финалда үндістандық Приянчи Пражаратты 13:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
55 келіге дейінгі салмақта Альмаганбетова да финалда сәтті өнер көрсетіп, украиналық Лилия Маланчукты 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрес шеберлері Болат Сакаев (86 кг), Азамат Даулетбеков (92 кг) және Ризабек Айтмухан (97 кг) қола жүлдегер атанған болатын.
Тиранадағы жарыс 1 наурызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»