Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

01.03.2026

Қазақстан балуандары үш жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан балуандары үш жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде үш медаль еншіледі.

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова, ал 76 келіге дейінгі дәрежеде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдегер атанды. Раимова үшінші орын үшін белдесуде UWW туы астында өнер көрсеткен Кристина Михневаны жеңсе, Еркебаева түркиялық қарсыласын 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Грек-рим күресінде де қазақстандық спортшылар табысты нәтиже көрсетті. 63 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов шешуші белдесуде ирандық Али Нураиды 6:3 есебімен жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»