Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2026

Қазақстан балуандары Тиранада топ-3-тен тыс қалды

Қазақстан балуандары Тиранада топ-3-тен тыс қалды

Албания астанасы Тиранада өткен грек-рим күресінен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте жүлделі үштікке ене алмай, төртінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық балуандар жарыста бір алтын және екі қола медаль иеленді.

67 келіге дейінгі салмақта Мейіржан Шермаханбет чемпион атанды. Қола жүлдені 55 келіде Марлан Мұқашев пен 63 келіде Ернұр Фидахметов жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы (5 алтын, 2 күміс, 5 қола) иеленді. Екінші сатыға Әзербайжан (2 алтын, 3 қола) көтерілсе, үздік үштікті Иран (2 алтын, 1 күміс, 1 қола) түйіндеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»