3 сағат бұрын
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды
23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионатының финалдық белдесулері өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші белдесуде екі дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Сәлімжанды 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс Айтмұхан үшін жаңа салмақтағы алғашқы табыс болды.
Еске салайық, ол 2023 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында олимпиадалық емес 92 келі салмақта тарихи жеңіске жеткеннен кейін 97 келіге ауысқан. Осы салмақта 2024 жылы жастар (U20 және U23) арасында әлем чемпионы атанып, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионаттарында, сондай-ақ 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс жүлде иеленді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов