19.03.2026
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа салмаққа ауыса ма?
Биылғы чемпионаттың басты жаңалықтарының бірі – еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның 125 келі салмақта күресуі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
– Менің жеңіске жетудегі басты тактикам – арсеналымдағы барлық әдіс-тәсілді тиімді қолданып, 6 минут бойы аянбай күресу, қарсыласымды толық бақылауда ұстау. Бұл жолы да сол жоспарым жүзеге асты. Ал жаңа салмаққа келер болсақ, бапкерлеріммен ақылдасып, ішкі жарыстарда 125 келіде, ал халықаралық додаларда 97 келіде күресетін болып шештік. Бұған дейін Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнирде ауыр салмақта өзімді сынап көрген едім. Алдағы уақытта Азия ойындары, Әлем және Азия чемпионаттарына қатысуды жоспарлап отырмын, – деді Ризабек Айтмұхан.
Астаналық балуан өзіне тың салмақта белдескеніне қарамастан, финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде ақтөбелік спортшы Әлімжан Сәлімжанды айқын басымдықпен жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов