5 күн бұрын
Айтмұхан Ташкенттегі PWL турнирінде реванш өткізеді
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ташкентте өтетін PWL 11 (Poddubny Wrestling League) турнирінде реванш өткізеді.
21 жасар әлем чемпионы Айтмұхан турнирде ресейлік балуан Алихан Қцоевпен күш сынасады. Жарыс 27 наурыз күні «Хумо Аренада» өтеді.
Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы, ол 2023 жылы Белградтағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, оның активінде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңісі бар.
Алихан Қцоев – Хадарцев бауырлары турнирінің екі дүркін жеңімпазы. Алдыңғы PWL 10 турнирінде Мәскеуде ол америкалық Джей Айеллоны жеңген.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы кездесуде 13 ақпанда Super 4 Wrestling турнирінде (Бішкек) Айтмұхан Қцоевты 3:0 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»