4 сағат бұрын
Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтеді
Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы
26-29 наурыз күндері аралығында көне шаһар – Түркістан төрінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 369 балуан қатысады деп күтілуде.
Байрақты бәсекенің бағдарламасына сәйкес, ерлер -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100, +100 және түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша күш сынасады. Ал әйелдер -48, -52, -56, -60, -65, -70, -77 және +77 келі салмақтарында белдеседі. Сонымен қатар, жарыс бағдарламасына сәйкес, аралас командалық форматтағы командалық сайыс та қарастырылған.
Түркістан төрінде өтетін Қазақстан кубогі – елдің үздік балуандарын анықтайтын маңызды жарыстардың бірі. Бұл дода ұлттық спорттың дамуына серпін беріп қана қоймай, қазақ күресінің рухын асқақтатып, жас буынға үлгі болатын айтулы спорт мерекесіне айналмақ.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»