6 сағат бұрын
Ұлытау облысы күрес федерациясының президенті сайланды
Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Сәдібек Марат Сайфуллинұлы Ұлытау облысы күрес федерациясының президенті қызметіне сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан күрес федерациясының спорт директоры Жандос Сайханов және Ұлытау облысының күрес мамандары қатысқан жиында Марат Сайфуллинұлына осы жауапты қызмет тапсырылды.
Марат Сәдібек 1987 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару, сонымен қатар заң ғылымы бойынша жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Stroy Work» ЖШС Бас директоры.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»