3 сағат бұрын

Қазақ күресінен Қазақстан кубогында аралас командалық жарыста жеңімпаз анықталды

Қазақ күресінен Қазақстан кубогында аралас командалық жарыста жеңімпаз анықталды

Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы

Түркістан қаласында қазақ күресінен аралас командалық жарыста Қызылорда облысының балуандары бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сыр өңірінен келген спортшылар финалда Шымкент қаласы балуандарымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде олар қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, Қызылорда облысы – дәстүрлі түрде балуан көп шыққан, ауылдық спорт жүйесі қалыптасқан өңір. Ал Шымкент қаласы спорт инфрақұрылымы дамыған, жаттықтырушылар мектебі қалыптасқан, республикалық жарыстар жиі өтетін әрі бәсекесі жоғары орталық.

Ал қола үшін белдесуде Түркістан облысының командасы қола жүлдегері атанды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»