6 сағат бұрын
Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаты финалынан тыс қалды
Фото: Қазақстан ҰОК
Бүгін, 6 сәуірде Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов финалдан тыс қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлық біріншілігінде алғаш болып грек-рим күресінің балуандары белдесті.
87 келі дейінгі салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алған еді. Ол жартылай финалда қырғыз спортшысы Асан Жанышовқа жол берді.
Отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Сынхванды сенімді түрде жеңді. Белдесу 7:1 есебімен аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан