5 сағат бұрын
Қазақ күресі халықаралық деңгейде дамуын жалғастыруда
Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы
Анталия қаласында өтіп жатқан VIII халықаралық этноспорт форумының екінші күнінде Qazaq Kuresi Ассоциациясы мен Әзербайжанның ұлттық спорт түрлері ассоциациясының басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құжат ұлттық спорт түрлерін дамыту, соның ішінде қазақ күресін халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы өзара серіктестікті нығайтуды көздейді.
Тараптар:
– қазақ күресін дамыту;
– тәжірибе алмасу;
– спортшылар, бапкерлер және төрешілерді даярлау;
– бірлескен жарыстар мен іс-шаралар өткізу;
– ұлттық спорт мәдениетін насихаттау бағыттарында жұмыс істейді.
Сонымен қатар, екі ел арасында оқу-жаттығу жиындары, турнирлер, форумдар мен түрлі спорттық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Меморандумға Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Мейіржан Берекетов пен Әзербайжан ұлттық спорт түрлері ассоциациясының президенті Кязым Ханлар оглы Гурбанов қол қойды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан