Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Қазақстандық балуандар әйелдер күресінен Азия чемпионатында қолаға таласады

Қазақстандық балуандар әйелдер күресінен Азия чемпионатында қолаға таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкекте әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финал белдесулері аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз Марал Тәңірберген (-50 кг) мен Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Юи Сусаки күш сынасты. Белдесуде жапон палуаны басым түсті.

Ал аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева жартылай финалда Даваанасан Энх-Амарынмен күресті. Мұнда моңғолиялық спортшы ақтық сынға жолдама алды.

Марал мен Гүлмаралдың қола медаль үшін бозкілемге шығатын қарсыласы ертең анықталады. Сонымен қатар қарсыласы финалға өткеніне байланысты Елена Шалыгина (-68 кг) жұбаныш кезеңінде сынға түседі.

Айта кетейік, ертең әйелдер күресінен -53 кг, -57 кг, -62 кг, -65 кг және -72 кг салмақтағы іріктеу өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан