7 сағат бұрын
Алматбек Аманбек - грек-рим күресінен Азия чемпионы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Грек-рим күресінен -72 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаидың жауырынын жерге тигізді.
Бұл - Қазақстан қоржынына түскен чемпионаттағы бірінші алтын жүлде.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан