5 сағат бұрын
Ислам Евлоев - Азия чемпионатының қола жүлдегері
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны 4-медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Грек-рим күресінен -97 кг салмақта өнер көрсететін Ислам Евлоев кіші финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Минхоны жеңіп, 3-орын алды.
Бұл біздің Ұлттық құраманың еншісіндегі 4-медаль.
Санаулы сəттер бұрын Алматбек Аманбек (-72 кг) Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салса, Ибрагим Магомадов (-82 кг) қолаға қол жеткізді. Кеше тәжірибелі Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль иеленген.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасы 1 алтын, 3 қола медальмен Бішкектегі доданы аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан