8 сағат бұрын
Тыныс Дүбек Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында бүгін -53, -57, -62, -65 және -72 кг салмақта палуандар өзара мықтыны анықтап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Күндізгі сессия нәтижесінде Ұлттық құрама спортшысы Тыныс Дүбек (-62 кг) жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда Тайпей өкілін 9'2 есебімен қапы қалдырды.
Енді Тыныс Солтүстік Корея спортшысы Хьон Мунмен белдеседі.
Бүгін бозкілемге шыққан қалған отандастарымыздың нәтижесі төмендегідей:
Зейнеп Баянова (-53 кг) мен Нулифар Раимова (-57 кг) жапон палуандарына жол берді.
Айжан Суйдуова (-65 кг) Оңтүстік Корея өкілінен жеңілді.
Жәмила Бақбергенова үндістандық Харшитамен өткен тартысты белдесуде 5-6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, егер қарсыластар финалға шықса, біздің атлеттер жұбаныш кезеңіне қатысады. Жартылай финалдар бүгін Астана уақытымен сағат 15:45-ке жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан