4 сағат бұрын
Балуан Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасының қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.
Бүгін кешкі сессияда тағы екі Ұлттық құрама спортшысы қола жүлдеге таласты. Алайда Марал Тәңірберген (-50 кг) мен Елена Шалыгина (-68 кг) қарсыласына есе жіберді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов