Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Азия чемпионаты: еркін күрес шеберлері қарсыласының нәтижесін күтеді

Азия чемпионаты: еркін күрес шеберлері қарсыласының нәтижесін күтеді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте еркін күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионатының 1-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ширек финалда күрескен Ұлттық құрама спортшысы Мерей Базарбаев (-57 кг) жапон палуаны Фуга Сасакиге тартысты белдесуде 1-2 есебімен жол берді. Ал Санжар Досжанов (-70 кг) осы кезеңде ирандық Сина Махди Халилиден ары аса алмады. Енді қарсыластары финалға шықса, Мерей мен Санжар ертең жұбаныш кезеңінде сынға түседі.

Өкінішке қарай, Әди Серікұлы (-65 кг) мен Дәулет Ергеш (-79 кг) іріктеуде есе жіберді. Бекзат Үркімбай (-97 кг) ширек финалда бірнеше дүркін Азия чемпионы Араш Йошидаға (Жапония) жол берді.

Ертең еркін күрес шеберлері қалған салмақта (-61 кг, -74 кг, -86 кг, -92 кг және 125 кг) іріктеуді бастайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан