Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстан балуаны жарысты ерте аяқтады

Қазақстан балуаны жарысты ерте аяқтады

Қазақстандық еркін күрес балуаны Асыл Айтақын Бішкекте өткен Азия чемпионатында жүлдесіз қалды.

61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы алғашқы белдесуінде жапониялық Тошихиро Хасегаведен 2:6 есебімен жеңілді. Алайда қарсыласы финалға шыққан жағдайда қола медаль үшін күресуге мүмкіндік болар еді.

Бірақ Хасегава келесі кезеңде ирандық Ахмад Мохаммаднезаджаваннан жеңіліп, Айтақынның жұбаныш белдесуіне шығу мүмкіндігі жойылды.

Осылайша, қазақстандық балуан жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Асыл Айтақын 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болып табылады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан