7 сағат бұрын
Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі болды
Қырғызстан астанасы Бішкекте еркін күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан командасы сапынан бозкілемге шыққан аса ауыр салмақтағы (125 кг) отандасымыз Едіге Қасымбек тәжірибелі қытай палуаны, Азия ойындары мен чемпионатының қола жүлдегерінен басым түсті. Есеп: 8-7.
Бұл 19 жастағы Едігенің ересектер арасында құрлық додасындағы қол жеткізген алғашқы медалі. Ол былтырғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (U20) жеңімпазы.
Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бішкектегі бәсекені 2 қола жүлдемен аяқтады. Санаулы сəттер бұрын Азамат Дәулетбеков (-92 кг) үздік үштікті түйіндеген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов