18.07.2023

Азия чемпионатында үш қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді

Азия чемпионатында үш қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында үш қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың алтыншы күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Барлығы қола жүлдені қоржынға салды. Олардың қатарында Лаура Ғаниқызы (50 келі) Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) бар.

Ал Мәдина Аман (59 келі) мен Арайлым Алтынбек (76 келі) қола жүлде үшін сайыста қарсыластарына есе жіберіп қойды.​ ​

Бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65 және 72 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 24 сағат бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады