19.07.2023

Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 1 күміс, 4 қола алды

Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 1 күміс, 4 қола алды

 Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың жетінші күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Олардың арасынан Шәмшиябану Тастанбек (72 келі) мен Алтын Шағаева (52 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жарыс барысында Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, күміс медаль алды. Ал Алтын Шағаева қолаға қол жеткізді.

Құрлық додада әйелдер күресінен ел құрамасы 1 күміс, 4 қола жүлдемен қорытындылады.​

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Лаура Ғаниқызы (50 келі) Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) қола медаль алды.

Енді бүгін, 19 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрес балуандары 57, 65, 70, 79 және 97 келіде салмақта жүлделерді сарапқа салады.


ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 24 сағат бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады