24.10.2023
Асылжан Есенгелді - әлем чемпионатының финалына шықты
![Асылжан Есенгелді - әлем чемпионатының финалына шықты](https://sport12.kz/static/images/news/a4e52425ca60d9e575e5d19e3fc572b9.jpg?1d607f40f5307391089d05609f0939ac)
Асылжан Есенгелді Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының финалында, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама спортшысы (61 кг) аса тартысты өткен жартылай финалда қырғыз бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті.
Оған дейін Асылжан алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңген.
Бүгін отандасымыз бас жүлде жолында Башир Магомедовпен (Ресей) күреседі.
![](https://sport12.kz/static/images/banners/84941767ae2492f344cc0a89bcdfbb5a.jpg?8f8f7f23bde34b3694225517aa65eeaf)