26.10.2024
Әлем чемпионаты: Боксшы Өнер Сейілхан канадалық қарсыласын ақпы қалдырды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел құрамасынан Өнер Сейілхан (71 келі) жарысты жалғастырады.
Қазақстандық балуан беларусьтік Иван Синакта 5:0 есебімен басым түсті. Енді ол 28 қазан күні Пәкістан спортшысымен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан 92 келіден жоғары салмақта Аслан Елдібайұлы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Әлем чемпионатында ел құрамасында Диас Берікбай (48 келі), Бексұлтан Боранбек (51 келі), Бауыржан Мұратов (54 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Алексей Хаванцев (60 келі), Ахмет Үсен (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (70 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Мадияр Бексұлтанов (80 келі), Бакытжан Айтмұханов (86 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдибайұлы (92 келіден жоғары) сынға түсуге мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
