26.10.2024
«Қайрат» бірінші орынға көтерілді

Фото: bk-sport.ru
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-турында Талдықорғанның «Жетісу» командасынан басым түсті.
Алматылық клуб биыл бас жүлдеге қол созуды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салып келеді.
Бүгінгі кездесу барысында талдықорғандық команда алғашқы болып есеп ашты. Оны 3-минутта команда капитаны Серікжан Мужиков өзінің еншісіне жазды.
Ойынның 23-минутында «Қайрат» сапынан Александр Мартынович таразы басын теңестірсе, 91-минутта Офри Афад жеңіс голын соғып кетті.
Осылайша алматылық ұжым 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Ал «Атырау» өз алаңында «Елімайды» 1:0 есебімен жеңді.
Дәл қазір 18.00-де «Ордабасы» мен «Жеңіс» ойнап жатыр.
Ал 27 қазанда «Шахтер» мен «Қызылжар», «Тұран» мен «Түркістан», «Астана» мен «Ақтөбе» кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
