26.10.2024
Аружан Жаңабаева бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел құрамасынан Аружан Жаңабаева (63 келі) жарысты жалғастырады.
Оның венесуэлалық спортшымен жекпе-жегі алғашқы раундта тоқтатылды.Енді ол 1/4 финалда 29 қазанда польшалық Кинга Кроукамен кездеседі.
Бүгін ел құрамасынан Толғанай Қасымхан (60 келі) 1/8 финалда өзбек спортшысын 3:2 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
