08.11.2024
Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Тараз қаласында қазақ күресінен ересектерарасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төл күресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды.
Білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның жәнеҚазақстан Республикасының еңбек сіңіргенжаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметтіазаматы Марат Нұрмұхамбетұлы Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осы орайда, Министр саналы ғұмырын ұлттық күреске арнаған
Марат Нұрмұхамбетұлына Құттықтау хатын табыстады.
Марат Жақыт – 20 жыл Қазақстан, 10 жыл КСРО құрамасын басқарып, спортқа зор еңбексіңірген тұлға. Ол жалпы 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 спорт шеберін тәрбиелеген.
Айта кетейік, балуандар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.