24.11.2024

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі өтеді

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі өтеді

qazaqkuresi.kz

25-26 қараша аралығында Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан төрінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогі өтеді.

«Олимпик Арена» спорт кешенінде өткізілетін бұл дүбірлі күрес бәсекесіне 9 елдің, яғни Қазақстан,  Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолияның 150-ге жуық спортшысы қатысып, өзара кіл мықтыны анықтайды.

Қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған доданың бағдарламасына сәйкес, балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге қаржылай сыйлық қарастырылған. Атап айтқанда, Әлем кубогінің жеңімпаздарына 500 мың теңгенің, сәйкесінше күміс және қола жүлдегерлеріне 300 және 200 мың теңгенің сертификаттары табысталады.

Сонымен қатар, жеңімпаздардың жаттықтырушыларына 200 мың теңгеден ақшалай сыйлық бар.

 


Халықаралық шахмат федерация­сы рейтингісін жаңартты

Басқа 4 минут бұрын

Халықаралық шахмат федерация­сы рейтингісін жаңартты

Baku Grand Slam: Дзюдодан Әзербайжандағы жарысқа кімдер қатысады?

Дзюдо 13 минут бұрын

Baku Grand Slam: Дзюдодан Әзербайжандағы жарысқа кімдер қатысады?

WTA-500: Юлия Путинцева Уимблдон чемпионымен кездеседі

Теннис 27 минут бұрын

WTA-500: Юлия Путинцева Уимблдон чемпионымен кездеседі

Boxam Elite турнирі: Алғашқы жарыс күнінде 10 боксшымыз жеңіске жетті

Бокс 38 минут бұрын

Boxam Elite турнирі: Алғашқы жарыс күнінде 10 боксшымыз жеңіске жетті

Баскетбол аңызы Майкл Джорданның ұлы тұтқындалды

Басқа 2 сағат бұрын

Баскетбол аңызы Майкл Джорданның ұлы тұтқындалды

Александр Бублик АТР турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

Теннис 2 сағат бұрын

Александр Бублик АТР турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады