11.01.2025
Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» турнирі өз мәресіне жетті
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауын көтерген турнирде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Еліміздің басты рейтингтік жарыстарында ең жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта боз кілемге шықты. Олар өз салмақ дәрежесі бойынша «Дала қыраны» титулын сарапқа салып, бас балуан атанды.
Турнир жеңімпаздары төмендегідей:
55 келі: Руслан Теміржан (Қызылорда обл.)
60 келі: Нұрлыхан Мұханбетов (Ақтөбе обл.)
66 келі: Ержан Еренқайыпов (Астана қ.)
74 келі: Бибарыс Тұрғанбекұлы (Ақтөбе обл.)
82 келі: Нұрдаулет Бақтыбайұлы (Шымкет қ.)
90 келі: Ерасыл Жаңатаев (Алматы обл.)
100 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қ.)
+100 келі: Қайсар Шамшидинов (Түркістан обл.)
Жалпы турнирде 8 салмақ дәрежесінен 64 балуан бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары сыйақы ретінде 5 млн теңгеден еншіледі.