Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14.01.2025

Қазақстандық журналист жердегі неміс туын көтеріп құрмет көрсетті

Қазақстандық журналист жердегі неміс туын көтеріп құрмет көрсетті

Қазақстандық журналист Телжан Күдеров Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында құлап түскен Германия жалаушасын жерден көтеріп алып, өз құрметін білдірді. 

Дәл қазір Италияның Турин қаласында дүбірлі доданың ашылу рәсімі өтіп жатыр. Аталған шара барысында германиялық спортшылардың қолындағы жалауша жерге түсіп кетті. Оған ешкім назар аударған жоқ. Одан кейін сол салтанатты рәсімде бірнеше елдің спортшылары жүріп өткенімен жалаушаны жерден көтерген ешкім болмады. 

Қазақ елінің делегациясы құрамында барған «Qazsport» телеарнасының тілшісі Телжан Күдеров жерде жатқан жалаушаны көтеріп алып, өзінің азаматтық қасиетінің жоғары екенін көрсете білді.

- Қай елдің де басты мемлекеттік рәмізіне құрмет білдіру - парызымыз. Делегация құрамында келе жатқанда жерде жатқан жалаушаны көзім шалды. Жалпы, ту шетелде екі жағдайда көтеріледі. Сондықтан мен оны аттап өте алмадым. Талап бойынша ашылу салтанатында ешқандай артық қимыл жасамай өту керек. Соған қарамастан мен жалаушаны жерден көтеріп алуды жөн көрдім, - дейді Телжан Күдеров. 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»