18.01.2025
Универсиада-2025: Қазақстандық спортшылар үшін кезекті жарыс күні аяқталды
Фото: torino2025_fisugames
Бүгін, 17 қаңтар, Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарының төртінші жарыс күні мәресіне жетті.
Қазақстандық спортшылар бүгін шаңғы жарысы, парашаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау және хоккей сынды спорт түрлерінен жүлдеге таласты.
Назарларыңызға отандастарымыздың төртінші жарыс күнінде көрсеткен нәтижелерін ұсынамыз.
Шаңғы жарысы (әйелдер). Спринт. Квалификация: Қазақстандық бұрымды спортшылардың арасында үздік нәтиже тіркеген – Лаура Қиныбаева. Лаура мәре сызығын отыз жетінші болып қиды (3:58.17). Алесия Бочкарева – 43 орын (4:03.56), Мария Геращенко – 45 орын (4:04.19) және Елизавета Толмачева – 47 орынға табан тіреді (4:04.35).
Шаңғы жарысы (ерлер). Спринт: Отандастарымыздың арасында ең үздік нәтиже көрсеткен спортшы: Исабек Ильяс – 5 орын. Святослав Матасов пен Сұлтан Базарбеков жартылай финалға дейін жетіп, финалға шыға алмады. Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінен әрі аса алмаған қазақстандық шаңғышылар: Әмірғали Мұратбеков – 38 орын, Бексұлтан Ернұр – 45 орын және Нартай Тұрлыбекұлы – 53 орын.
Парашаңғы жарысы (ерлер). 1400 м, спринт: Денис Зинов – күміс жүлдегер атанса, Роман Құрбанов – қолаға қол созды.
Мәнерлеп сырғанау (әйелдер). Қысқа бағдарлама: София Самоделькина қысқа бағдарламада 66.43 ұпай жинап екінші орынға жайғасты. Енді ертең еркін бағдарламада мұзға шығады.
Хоккей (ерлер): Қазақстан құрамасы Чехияға 1:3 есебімен жол берді.
Хоккей (әйелдер). 5-8 орындар үшін плей-офф кезеңі: Қазақстан құрамасы қытайлық Тайпейді 3:4 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасы бүгінгі жарыс күнін 1 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады. Ел құрамасы медаль жиынтығы бойынша жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді. Алғашқы үздік бес құрама төмендегідей:
1. Франция – 11 алтын, 4 күміс, 6 қола;
2. Германия – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола;
3. Испания – 2 алтын, 3 күміс, 2 қола;
4. Қазақстан – 2 алтын, 3 күміс, 1 қола;
5. Финляндия – 2 алтын, 2 күміс.
Еске сала кетейік, XXXII дүниежүзілік қысқы универсиада ойындары 23 қаңтарға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи