18.01.2025
Бактиер Зайнутдинов жарақат алып қалды
Бактиер Зайнутдинов жарақат алып қалды. Сондықтан бүгін өтетін «Бешикташ» пен «Самсунспор» кездесуіне қатысатын ойыншылар тізіміне ілінген жоқ.
Осы себепті Батека бүгінгі "Самсунспорға" қарсы матчқа алаңға шықпайды.
Айта кетсек, Батека осыған дейін 10 ойын негізгі құрамда шығып, 1 нәтижелі паспен көзге түскен.
Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубымен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
Түркия суперлигасында «Бешикташ» 18 ойыннан кейін 30 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Айта кетсек, норвегиялық маман 17 қаңтарда Уле Гуннар Сульшер «Бешикташ» клубының бас бапкері қызметіне кірісті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас