19.01.2025
Барнс Осей «Астана» футбол клубынан кетті
Фото: «Астана» футбол клубы
Барнс Осей келісім-шарт мерзімі біткен соң «Астана» футбол клубынан кетті.
2024 жылдың ақпан айында елордалық командаға қосылған хавбек УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне өтуге көмектесіп, Қазақстан лигасының Кубогын жеңіп алды.
- Барнс «Астана» сапында 25 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Оған клубтағы уақыты үшін ризашылығымызды білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас