20.01.2025

Әлем кубогы: Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы чемпион атанды

Әлем кубогы: Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы чемпион атанды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Манама қаласында (Бахрейн) қазақстандық шgагашылар – Ғабиден Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов және Алексей Касаткин – жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Соңғы екі жыл қатарынан күміс жүлде алған команда 2025 жылы тұңғыш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.

⬆Матч нәтижелері:
1/8 финал: Үндістан құрамасын 45:35 есебімен жеңді;
1/4 финал: Сауд Арабиясын 45:36 есебімен ұтты;
Жартылай финал: Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді;
Финал: Франциямен болған тартысты кездесуде 44:43 есебімен жеңіске жетті.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас