20.01.2025
Универсиада-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словакиядан жеңілді
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
2025 жылғы Қысқы универсиадаға шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словакияға есе жіберді.
Қазақстандық хоккейшілер ширек финалда Словакиямен кездесті. Бұл ойында қазақстандықтар басты фаворит атанған еді. Дегенмен қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Ел құрамасынан жалғыз голды Ян Тютюньков (34-минут) соқты.
Енді олар бесінші орын үшін бүгін, 20 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.
Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орын үшін сайыста АҚШ құрамасынан 2:8 есебімен жеңіліп қалды.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде үш алтын, төрт күміс, үш қола алды.
Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салса, биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов та жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт), биатлоншы Арина Крюкова қола медаль алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас