20.01.2025
«Атырау» Түркияда өтетін жолдастық кездесу ойындарын жариялады
«Атырау» командасы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болатын жолдастық кездесулер жайында хабарлады.
Атыраулық командаға қазақстандық Константин Александрович Горовенконың бас бапкер қызметіне келді.
Қазақстандық маман бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Жетісу», «Шахтёр», «Мақтаарал», «Атырау» және «Каспий» командаларында бас бапкер қызметін атқарған. Сонымен қатар «Қазақстан U21» ұлттық құрамасының бас бапкері болды.
Жолдастық кездесулер тізім:
25 қаңтар: «Градец-Кралове» (Чехия)
29 қаңтар: «Младост» Нови Сад (Сербия)
1 ақпан: «Нефтчи» Фергана (Өзбекстан)
17 қаңтарда атыраулық ұжым Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанды.
Командамен аттанған ойыншылар:
Қақпашы: Нұрасыл Тохтаров;
Қорғаушылар: Матеус Барбоса, Юсуф Саидалиев, Фахриддин Ахтамов, Жандос Ерменов, Дәурен Мажитов, Нұрдаулет Балакиров, Ескендір Қыбырай;
Жартылай қорғаушылар: Ринат Джуматов, Ерсұлтан Қалдыбеков, Олег Солтанов, Андрей Мачехин, Бейбіт Кереев, Кошали Измуллаев, Арман Нүсіп;
Шабуылшылар: Темірлан Жиеналиев, Едіге Оралбай, Карим Смыков, Бақдаулет Зульфикаров.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас