20.01.2025

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінде жарысты аяқтады

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінде жарысты аяқтады

Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жеңіліс тапты.

Бұл кезеңде қазақстандық теннисші АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен кездесті. Ойын үш сетке созылды. Нәтижесінде Киз 6:3, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жекелей сында Қазақстан құрамасының барлық спортшылары турнирді аяқтады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас