20.01.2025
Australian Open-2025: Қазақстандық теннисшілердің қанша табыс тапқаны белгілі болды
Фото: olympic.kz
Мельбурнде жалауын желбіреткен Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілер бүгін, тоғызыншы сайыс күнінде толығымен жарыс жолын аяқтады.
Назарларыңызға отандастарымыздың аталмыш турнирден қанша теңге табыс тапқанын ұсынамыз.
Елена Рыбакина – 138,55 миллион теңге. Қазақстандық теннисшілердің арасында жарыс жолын ең соңғы болып аяқтаған спортшы. Елена турнирдің 1/8 финалына дейін жетіп, Мэдисон Кизге есе жіберді.
Юлия Путинцева – 102,26 миллион теңге. Отандасымыз турнирдің 1/16 финалында Дария Касаткинаға жол берді.
Александр Бублик пен Александр Шевченко – 50,14 миллион теңге. Қазақстандық қос теннисші турнирде екі санатта да (жекелей, жұптық) өнер көрсетіп, жарыс жолын ерте аяқтады.
Александр Недовесов – 6,59 миллион теңге. Жұптық сында бәсекеге түскен отандасымыз, алғашқы айналымнан әрі аса алмады.
Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Михаил Кукушкин – 11,54 миллион теңге. Аталған үш теннисшімізде турнирдің 1/64 финалында қарсыластарына жол берген.
Осылайша теннистен Қазақстан құрамасы Australian Open-2025 турнирін аяқтады. Еске сала кетейік, аталмыш дода 26 қаңтарға дейін жалғасын табады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи