20.01.2025
«Оқжетпес» жаңа маусымға дайындыққа Түркияға аттанды
«Оқжетпес» екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге Түркияға аттанды.
Дайындықтың екінші кезеңі қаңтар айының 21-нен бастап ақпанның 20-на дейін Анталия қаласында өтеді. Команда оқу-жаттығу жиыны аясында бір қатар бақылау ойындарын өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетсе, «Оқжетпес» бірінші оқу-жаттығу жиынын 6-17 қаңтар аралығында Шымкентте өткізді. Кішігірім үзілістен соң команда дайындықтың екінші кезеңін өткізу үшін Түркияға аттанды.
Былтыр көкшетаулық клуб бірінші лигада ойын көрсетті. Бірінші орынмен Премьер-лигаға қайта оралды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас