21.01.2025

Универсиада-2025: Барлық шорт-трекшілеріміз жартылай финалға жолдама алды

Универсиада-2025: Барлық шорт-трекшілеріміз жартылай финалға жолдама алды

Фото: havean_ice_day

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан, қысқы универсиада ойындарында шорт-тректен бәсеке өтті.

Сынға түскен барлық отандастарымыз өз жарыстарында жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финал жолдамасын еншіледі.

1500 метрге жарыстың үшінші ширек финалында отандасымыз Анастасия Галешина – 3 орынға (2:54.287) , төртінші ширек финалында Полина Омельчук – 4 орынға (2:35.871), ал алтыншы ширек финалында Алина Әжіғалиева – 3 орынға (2:42.309) тұрақтап, жартылай финалға сүрінбей өтті.

Енді отандастарымыз финалға берілетін жолдамаға таласып көрмек.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас