6 сағат бұрын

Ризабек үздіктердің қатарында емес: Күрестен әлемдік рейтинг жаңарды

Ризабек үздіктердің қатарында емес: Күрестен әлемдік рейтинг жаңарды

2023 жылғы еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, 92 кг салмақ дәрежесінде үлкен жетістікке жеткенімен, олимпиадалық 97 кг салмаққа ауысқаннан кейін қиындықтарға тап болуда.

UWW (Біріккен күрес әлемі) жаңартылған әлемдік рейтингінде Ризабек Айтмұхан үздік 33 балуанның қатарына енбей қалды. Ал Қазақстан атынан екі спортшы рейтингте өз орындарын сақтап қалды: Әлішер Ерғали – 7-орын; Бекзат Үркімбай – 30-орын.

Айтмұхан 92 кг салмақта әлем чемпионы атанған соң, олимпиадалық бағдарламаға кірмейтіндіктен 97 кг салмаққа ауысқанын жариялаған еді. 14 айдың ішінде ол 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіске жетті, алайда ересектер арасында нәтижелі өнер көрсете алмады.

Қазақстан чемпионаты мен Азия чемпионатының екі финалында жеңіліс тапты, бұл оның жаңа салмаққа бейімделу кезеңінің қиын екенін көрсетеді.

Айтмұхан үшін ең ауыр сынақтардың бірі 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен (АҚШ) Алматыда өткен жекпе-жек болды. Бұл кездесуде Ризабек 0:8 есебімен ойсырай ұтылды, бұл оның жаңа салмақта әлі де тәжірибе жинақтау қажеттігін аңғартты.

Сонымен қатар, Ризабек Айтмұхан Иорданияда өтетін күрес түрлерінен чемпионатқа қатыспайды.

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова  жүлдеге жетпей қалды

Бокс 5 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова жүлдеге жетпей қалды

Алуа Балқыбекова  әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Бокс 19 минут бұрын

Алуа Балқыбекова әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

«Қайраттың» футболшысы Грузия құрамасына төрт жылдан кейін шақыру алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қайраттың» футболшысы Грузия құрамасына төрт жылдан кейін шақыру алды

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдың» осал тұсын тапты

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдың» осал тұсын тапты

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы кімдер шақыру алды

Футбол 3 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы кімдер шақыру алды

Азия ойындарының жүлдегері әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

Басқа 4 сағат бұрын

Азия ойындарының жүлдегері әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады