19.03.2025
Еркін күрестен бас бапкер Азия чемпионатында неше жүлде алу керектігін айтты

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Азия чемпионатына баратын құрам қалай таңдалғанын айтты.
«Нұрқожа Қайпановтың қарсыласы Әлібек Әбдіқасым белдесуден бас тартты. Ал 61 келідегі Мейрамбек Қартбай ауырып жүргендіктен, қосымша кездесуге шықпайтынын айтты.
Ал жалпы құрам Албаниядағы рейтингілік турнир мен Қонаев атындағы халықаралық жарыс қорытындысы бойынша жасақталды. Команданың алдында 4-5 медаль жеңіп алу мақсаты тұр», — деді бас бапкер.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты 25-30 наурыз күндері өтеді.
