24.03.2025
Азия чемпионаты: Грек-рим күресінен қарсыластарымыз кімдер?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ертең Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Іріктеу кезеңі
55 келі. Ербол Камалиев - Мұстафа Сұлтан Алхаде (Иордания)
60 келі. Бақытжан Қабдыл - Каито Инаба (Жапония)
63 келі. Сұлтан Әсетұлы - Умеш (Үндістан)
67 келі. Мейіржан Шермахамбет - Мин Сун Квон (Оңтүстік Корея)
72 келі. Әділхан Сатоев - Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан)
77 келі. Ибраһим Магомадов - Довон Ли (Оңтүстік Корея)
82 келі. Омар Сатаев - Босён Кан (Оңтүстік Корея)
87 келі. Шамиль Ожаев - Асан Жанышев (Қырғызстан)
97 келі. Ілияс Гучигов - Нитеш (Үндістан)
Ширек финал
130 келі. Әлімхан Сыздықов - Прем (Үндістан)/ Әли Талиб Әл-Шарии (Ирак)
Айта кетсек, ертең бозкілемде 55, 63, 77, 87, 130 келі салмақтағы палуандар күреседі. Ал одан кейін 60, 67, 72, 82 мен 97 келі салмақтағы спортшылар кім мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ құрлықтық додада әйелдер күресі мен еркін күрестен жүлделер сарапқа салынады.
