25.03.2025
Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы президентінен кетті

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі
Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті.
Иордания астанасы Амман қаласында өткен федерацияның бас ассамблеясында аталған қызметке жаңа басшысы тағайындалды. Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинады. Енді иорданиялық маман бұл ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.
Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.
