25.03.2025

 Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында алғашқы белдесуде жеңіске жетті

 Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында алғашқы белдесуде жеңіске жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін Иордания астанасы Амманда басталған күрестен Азия чемпионатында алғашқы отандасымыз бозкілемге шықты.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 72 келі дейінгі салмақта сынға түсетін Ибрагим Магомадов алғашқы айналымда Довон Лиді (Оңтүстік Корея) ұтты. Есеп: 7-1.

Енді ширек финалда Магомадов әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арам Варданянмен (Өзбекстан) күш сынасады. 

Еске сала кетейік, Ибрагим 2023 жылы көктемде Астанада өткен сары құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас