25.03.2025
Ербол Қамалиев Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ербол Қамалиев қола медальға таласады.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынап жатқан Ербол жұбаныш белдесуінде сингапурлық Александер Куэвасты 5:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді отандасымыз қола жүлдені өзбекстандық Ихтиер Ботыровпен сарапқа салады.
Жүлде үшін талас белдесулері Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
