25.03.2025
Шамиль Ожаев - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Шамиль Ожаев (87 келі) қола жүлдегер атанды.
Ол 3-орын үшін белдесуде Оңтүстік Корея палуаны Пак Санхёкты ұтты.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ибрагим Магомадов (77 келі) қола жүлдегер атанды.
Енді ел құрамасынан Әлімхан Сыздықов (130 келі) алтын медальға таласады.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі), Сұлтан Әсетұлы (63 келі) бесінші орынды қанағат тұтты.
Құрлықтық дода 25-30 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен сынға түседі.
