3 күн бұрын
Азия чемпионатында грек-рим күресінен 3 палуанымыз алғашқы белдесуде жеңілді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амманда күрестен Азия чемпионатының 2-жарыс күні басталды.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бозкілемге шыққан 3 отандасымыз алғашқы белдесуінде қарсыласына есе жіберді.
Бақытжан Қабдыл (60 кг) жапон спортшысы Каито Инабаның мықты екенін мойындады. Ал Азия чемпионы (2022 ж) Мейіржан Шермахамбет Мин Сун Квонмен (Оңтүстік Корея) айқастағы жеңісті есепті ұстап қала алмады. Есеп: 5-11.
Дәл осылай Әділхан Сатаев (72 кг) қырғыз спортшысы Ырыскелді Хамзаевпен белдесуде дегегіне жете алмады. Есеп: 7-11.
Енді бұл спортшылар қарсыласының нәтижесін күтеді. Егер олар финалға жолдама алса, Ұлттық құрама өкілдері жұбаныш кезеңіне қатысады.
