3 күн бұрын
Омар Сатаев Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Грек-рим күресінен қазақстандық балуар Омар Сатаев Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынаған отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Босеонг Кангты 11:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Омар жартылай финалда Иран спортшысымен шеберлік байқасады. Ақтық белдесулер кешкі сессияға жоспарланған.
